ЧИПТЕУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иттер мен мысықтар сияқты үй жануарлары микрочиптеу міндетті тіркеуіне жатады!
Бұл анестезияны қажет етпейтін жануарларды вакцинациялау процедурасынан күрделі емес қарапайым және ауыртпалықсыз процедура. Үй жануарларының терісінің астына дән мөлшерімен чип еңгізіледі. Микрочип еңгізгеннен кейін ветеринариялық дәрігер үй жануарын электрондық қосымшаға тіркеуді бастайды. Мұнда сізге иесінің жеке куәлігі және ұялы телефон нөмірі, жануардың төлқұжаты қажет болады.
Бұл қаңғыбас жануарлар мәселесін шешуге бағытталған шаралардың бірі. Көбінесе мысықтар мен иттер көшеде иелерінің қолынан қалады. Егер сізде чип болса, жоғалған немесе тасталған жануардың иесін табуға болады. Ал егер иесі үй жануарын қасақана тастап кеткені анықталса, ол жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, чип иесіне үй жануарын жоғалтқан жағдайда тауып қана қоймай, оны шетелге еркін алып кетуге мүмкіндік береді.
Үй жануарыңызды тіркеу тегін. Чиптің өзін және оны орнатуды төлеу керек болады, процедураның құны 3500 теңге. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларының иелері ветеринариялық пунктке хабарласып, қызметті тегін ала алады. Заң талаптарын сақтамаған жағдайда, атап айтқанда, жануарды бірыңғай дерекқорға тіркеуден бас тартқан немесе одан жалтарған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұлдар қарастырылған: жеке тұлғаларға 10 АЕК (34,5 мың теңге) және. Заңды тұлғаларға 30 АЕК (103,5 мың теңге).
Үй жануарларын тіркеу үшін Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясына немесе ауылдық округтің ветеринариялық дәрігеріне хабарласуға болады.

27.09.2023
Қаралым саны: 54