Күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар

Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға кәсіпорынның ветеринариялық дәрігерлері жоспарлы күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды және ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын зерттеуді бастағанын жеткіземіз.

Жануарларды жыл сайын бруцеллезге, туберкулезге, сібір жарасына, құтыруға, нодулярлық дерматитке және басқа да ауруларға қарсы вакцинациялау оларды ұстау кезінде міндетті шарт болып табылады. Ауданның эпизоотиялық әл-ауқаты, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық өңдеуді уақтылы жүргізуге байланысты.

Аталған іс-шаралар тегін негізде өткізіледі.

 

24.10.2023
Қаралым саны: 37