Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ветеринария саласында 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Ветеринариялық анықтама беру.
- Ветеринариялық паспорт беру.
- Ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
Мекенжайы
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязево ауылы, Тың көшесі, 13Б.
Мемлекеттік қызмет көрсету кестесі
Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі:
- дүйсенбі – жұма аралығы: 09:00-ден 18:30-ға дейін;
- түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін;
- демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес.
«Электрондық үкімет» порталы:
- техникалық жұмыстар жүргізілетін үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді.
Қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс немесе мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақытынан тыс уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру қызмет көрсетуші бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Талдамалық анықтама 2026 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметер бойынша
«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы»- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011898
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» -https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011127
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірме беру қағидаларын бекіту туралы» - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V100006321_





