Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс
Құтырудың алдын алу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі көрнекі материал

Құтыру: жабайы жануарлардың көші-қоны кезеңіндегі алдын алу шаралары

Жабайы жануарлардың маусымдық көші-қоны кезеңінде құтыру ауруының таралу қаупі артады. Түлкі, қасқыр және басқа да жабайы жануарлар елді мекендерге жақындап, үй жануарларымен байланысқа түсуі мүмкін.

Осыған байланысты Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы тұрғындарға келесі алдын алу шараларын сақтауды ескертеді:

Иттерді, мысықтарды және ауыл шаруашылығы жануарларын құтыруға қарсы уақытылы вакцинациялау.

Үй жануарларын қараусыз және еркін жібермеу.

Қаңғыбас және жабайы жануарлармен байланысқа түспеу.

Мінез-құлқы өзгерген немесе агрессия танытқан жабайы жануарларға жақындамау.

Күдікті жануар анықталған жағдайда дереу ветеринариялық қызметке хабарлау.

Естеріңізде болсын! Құтыру – жануарлар мен адамдардың өміріне қауіп төндіретін аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін ол көп жағдайда өліммен аяқталады.

Уақытылы вакцинациялау және жануарларды дұрыс күтіп-бағу – құтыру ауруының алдын алудың негізгі шаралары.