Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Ветеринария басқармасында ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеу және ЖБС-ға мәліметтер енгізу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

2026 жылғы 21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің мамандары ZOOM бейнеконференцбайланысы форматында облыстың ветеринариялық станцияларының мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарға Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының мамандары да қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Петропавл қаласында 2026 жылғы 23 қазанда жоспарланған «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қарсаңында ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеу талаптарын түсіндіру.

Семинар барысында ветеринариялық анықтамаларды беру қағидаларының негізгі ережелері, оларды рәсімдеу және беру тәртібі, сондай-ақ белгіленген құжат нысандарын дұрыс толтыру талаптары қаралды. Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен мал шаруашылығы өнімдеріне № 2-1 нысанындағы ветеринариялық анықтамаларды рәсімдеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жануарларды сәйкестендіру ақпараттық жүйесіне (ЖБС) жүргізілген вакцинация туралы мәліметтерді енгізу мәселелері талқыланды. Мамандарға вакцинация деректерін уақтылы әрі дұрыс енгізудің, ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етудің және мәліметтерді негізсіз қайталап енгізуге жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша ветеринариялық станциялардың мамандарына ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау және ЖБС-дағы мәліметтерді дұрыс жүргізу бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.