2026 жылғы 3 қарашада Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен мал жаю ережелерін сақтау тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Әңгіме барысында қатысушыларға жануарларды жауапкершілікпен ұстау, белгіленген мал жаю қағидаларын сақтау, малдың қараусыз жүруіне жол бермеу, сондай-ақ елді мекендер мен автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, жануар иелеріне заңнама талаптарын сақтау және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірме берілді.
Әрбір мал иесінің жауапкершілігі — тұрғындардың қауіпсіздігі мен елді мекендердегі тәртіптің кепілі!





