2026 жылғы 4 қарашада «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-де директор А.Ж. Альбекованың төрағалығымен ұжымның жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында комплаенс-қызметінің маманы Назыров Олег Тауфикович Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық, адалдық және ашықтық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы бірдейлендіру, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді өзектендіру және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы міндеттер айқындалып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді. Осындай жұмыс кеңестерін өткізу қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және халыққа көрсетілетін ветеринариялық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.





