"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс
3-тарау. Аурулардың алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

3-тарау. Аурулардың алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

38. Ветеринариялық іс-шаралар:

1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аурулары мен тамақтан улануының туындауының алдын алу, жануарларды ұстаудың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық салауаттылық аумағында жүргізілетін іс-шаралар;

2) шектеу іс-шараларын немесе карантинді қамтитын жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларының таралуын жою және алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, эпизоотиялық ошақта және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар.

39. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Жоспарлау ережелері).

Тимирязев ауданының ветстанциясы.