Форум жұмысына Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының комплаенс қызметінің маманы Назыров Олег Тауфиқұлы қатысты.
Форум барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, практикалық тәжірибе алмасу және комплаенс жұмысын ұйымдастыруға қойылатын өзекті талаптар мәселелері талқыланды.
Комплаенс қызметі квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Оның негізгі міндеті — ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашық әрі жауапты жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал ету.
Осындай іс-шараларға қатысу практикалық дағдыларды жетілдіруге және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.





