Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы аудан тұрғындарына ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта ветеринариялық станция төмендегі 3 мемлекеттік қызметті көрсетеді:

1. Ветеринариялық анықтама беру
Ветеринариялық анықтама ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, оның ішінде жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау кезінде беріледі.

2. Ветеринариялық паспорт беру
Ветеринариялық паспортта жануарды сәйкестендіруге және оның ветеринариялық жағдайына қатысты мәліметтер көрсетіледі.

3. Ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Бұл қызмет ауыл шаруашылығы жануары туралы ақпаратты ақпараттық дерекқорда жаңартуға немесе түзетуге мүмкіндік береді. Оның ішінде жануардың иесі, сәйкестендіру нөмірі және басқа да қажетті мәліметтер нақтыланады.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат алу үшін Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Жануарлар туралы мәліметтерді уақытылы жаңарту және қажетті ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу – ветеринариялық-санитариялық қолайлылықты қамтамасыз етудің маңызды шараларының бірі.

Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы