Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы ветеринария саласында ақпараттық жүйелерді қолдану туралы хабарлайды.
Қазіргі таңда ветеринариялық қызметте цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Ақпараттық жүйелер жануарларды есепке алуға, олардың иелері туралы мәліметтерді сақтауға, ветеринариялық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер нәтижелерін тіркеуге мүмкіндік береді.
Негізгі жүйелердің бірі – «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (АШЖБ). Жүйеде жануардың жеке сәйкестендіру нөмірі, түрі, жынысы, түсі, жасы, иесі және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтер енгізіледі.
Сонымен қатар ветеринария саласында «Ветеринариялық қауіпсіздік», «Республикалық ветеринариялық зертхана», «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд», «Процессингтік орталық», «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» сияқты ақпараттық жүйелер мен модульдер қолданылады.
Ақпараттың дұрыс әрі уақтылы енгізілуі ветеринариялық есептің жүргізілуіне, жануарлардың қозғалысын бақылауға және эпизоотиялық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, ақпаратты уақытылы өзектендіру және түзету үшін ветеринариялық станцияға жүгінулеріңізді сұраймыз.
Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы





