"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау

Ветеринария басқармасы басшысының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 169 бұйрығымен бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 21-28 қазан аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Азамат Әбілұлы Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді. Тексеру барысында ветеринариялық станция мамандарымен жұмыс кездесуі және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, TortTulik мобильді қосымшасын тіркеу және пайдалану бойынша Тимирязев ауданы,Дмитриевка ауылдық округі, Құртай ауылдық округі, Интернационал ауылдық округі, Ақжан ауылдық округі, Ақсуат ауылдық округі, Дзержинск ауылдық округі, Белоградовка ауылдық округі, Хмельницк ауылдық округі, Целин ауылдық округі, Комсомол ауылдық округі, Докучаев ауылдық округі, Москворецк ауылдық округі, Мичуринск ауылдық округі, тұрғындарымен , әкімдерімен және әкімдік аппараттарының мамандарымен кездесулер өткізілді. Ветеринариялық станцияға жиі келетін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.