Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары Тимирязев ветеринариялық станциясының ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына (бруцеллезге зерттеу үшін жануарлардан қан алу, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, құлақ белгілерін ауыстыру, ІҚМ туберкулинизациясы) қарсы жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізе бастағанын еске саламыз.
"Ветеринария туралы"ҚР Заңының 25-бабына сәйкес өз ауылдық округінің ветеринариялық дәрігеріне жануарлар мен құстардың болуы, сатып алынуы және орын ауыстыруы туралы түсіністікпен қарауыңызды және өңдеулер жүргізу кезінде жәрдем көрсетуіңізді және уақтылы хабардар етуіңізді сұраймыз.





