Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иттер мен мысықтардың иелері өздерінің үй жануарларын міндетті түрде есепке қоюды (сәйкестендіруді) қамтамасыз етуге міндетті екенін хабарлайды.
Жануарларды сәйкестендірудің негізгі әрі ең сенімді тәсілдерінің бірі – микрочиптеу. Микрочип – жануардың терісінің астына енгізілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі бар шағын электрондық капсула. Бұл рәсім бірнеше минут қана уақыт алады, қауіпсіз, жануарға айтарлықтай ауырсыну тудырмайды және өмірінде бір рет қана жүргізіледі. Жануар мен оның иесі туралы мәліметтер бірыңғай ақпараттық деректер базасына енгізіледі.
Чиптеу не үшін қажет?
- жануарға меншік құқығын растайды;
- үй жануары жоғалған жағдайда иесін жедел анықтауға мүмкіндік береді;
- үй жануарларын жауапкершілікпен ұстауға ықпал етеді;
- вакцинация мен басқа да ветеринариялық іс-шаралардың есебін жүргізуге көмектеседі;
- қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға ықпал етеді.
Рәсімнен өту үшін өзіңізбен бірге мыналарды алып келу қажет:
- иесінің жеке куәлігі;
- жануардың ветеринариялық паспорты (болмаған жағдайда ветеринариялық ұйымда рәсімделеді);
- Азаматтардың мобильді базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үй жануарларын міндетті есепке қоюдан жалтарғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жануарды бірыңғай деректер базасында тіркеуден бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында үй жануарларын міндетті чиптеу жұмыстары жалғасуда. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін бұл рәсім мемлекеттік ветеринариялық станциялар арқылы тегін жүргізіледі. Сондай-ақ мамандар ауданның елді мекендеріне барып, көшпелі қызмет көрсетеді.
Иттер мен мысықтардың иелерін өз үй жануарларына жауапкершілікпен қарап, оларды уақытылы чиптеуден өткізуге шақырамыз!
Үй жануарларын тіркеу және чиптеу мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясына хабарласуыңызды сұраймыз.





