Тимирязев ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және малдың автожолдарға шығып кетуінің алдын алу мақсатында тиісті профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Ауылдық округ әкімдері тарапынан қараусыз және қаңғыбас малды уақытша ұстауға арналған қора-жайларды ұйымдастыру мақсатында жергілікті шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасалған.
Аталған меморандумдар аясында қараусыз жүрген малды уақытша қамауға алу және ұстау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, Тимирязев аудандық ветеринариялық станциясы ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесіп, мал иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малды қараусыз қалдырмау және елді мекендер мен автожолдарға малдың шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін түсіндіреді.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және малдың сақталуына жағдай жасау.
**Малға жауапкершілікпен қарау – ортақ қауіпсіздіктің кепілі!**
#ТимирязевАуданы #ВетеринариялықСтанция #ҚараусызМал #ЖолҚауіпсіздігі #СҚО





