ҚҰС ТҰМАУЫ ЖӘНЕ НЬЮКАСЛ АУРУЫ
Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы үй құстарын ұстайтын тұрғындарға құс тұмауы мен Ньюкасл ауруының алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Құс тұмауы – құстардың жіті жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың таралуына жабайы, әсіресе су құстарының үй құстарымен байланысы себеп болуы мүмкін.
Ньюкасл ауруы – құстардың тыныс алу, ас қорыту және жүйке жүйелерін зақымдайтын, жоғары жұқпалылығымен және құстардың жаппай қырылуымен сипатталатын вирустық ауру. Оның алдын алудың негізгі шараларының бірі – ветеринариялық талаптарға сәйкес вакцинация жүргізу.
Алдын алу үшін:
-
үй құстарының жабайы және синантропты құстармен байланысын болдырмау;
-
құстарды мүмкіндігінше жабық жағдайда ұстау;
-
жаңадан сатып алынған құстарды 10 күн оқшаулап, олардың жағдайын бақылау;
-
құс қораларын, құрал-жабдықтарды тұрақты түрде тазалап, дезинфекциялау;
-
жем мен судың жабайы құстармен ластануына жол бермеу;
-
құстарды белгіленбеген жерлерден сатып алмау;
-
ветеринариялық мамандардың ұсынымдарына сәйкес Ньюкасл ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу.
Құс арасында ауру белгілері байқалған немесе құстардың жаппай қырылуы орын алған жағдайда дереу мемлекеттік ветеринариялық қызметке хабарлау қажет. Ауру немесе өлген құсты өз бетінше ұстап, тасымалдауға, сатуға немесе пайдалануға болмайды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ветеринариялық талаптарды сақтау, құстарды вакцинациялау және санитариялық шараларды уақытылы жүргізу – қауіпті аурулардың таралуына жол бермеудің негізгі кепілі.
Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы





