Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ұжымымен жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесі барысында мекеме қызметінің негізгі мәселелері қаралды:
2026 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың қорытындылары шығарылды;
аудан аумағында үй жануарларын чиптеу жұмыстарының жүргізілу барысы талқыланды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды;
ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуі қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, жұмыстың тиімділігін арттыруға және Тимирязев ауданының ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.