Тимирязев ауданының Ветеринариялық станциясының ветеринариялық дәрігерлері Телемесова Т.А. және Дауленов А.К. Петропавл қаласындағы Исаков панасына барып, үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіби біліктіліктерін арттыру және тәжірибе жинақтау мақсатында болды.
Сапар барысында мамандар пананың жұмыс ұйымдастырылуымен танысып, хирургиялық процедураларды жүргізу ерекшеліктерін зерделеді, сондай-ақ жануарларды операцияға дайындау, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау және операциядан кейінгі күтім бойынша құнды білім алды.
Дәрігерлер жануарларды зарарсыздандыру және піштіру процедураларының жүргізілу барысын тәжірибе жүзінде бақылап, оның барлық кезеңдерімен танысты.
Алынған тәжірибе алдағы уақытта ветеринариялық қызмет көрсету сапасын арттыру және үй жануарлары иелеріне көрсетілетін көмекті жақсарту бағытында қолданылатын болады.
Исаков панасына және пананың игілігі үшін еңбек етіп жүрген барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Жануарларға деген қамқорлығыңыз бен маңызды еңбектеріңіз үшін рақмет!





