Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған мобильді қосымшаға тіркелудің маңыздылығын еске саламыз.
Мобильді қосымша арқылы сіз:
өзіңізге тіркелген жануарлар туралы мәліметтерді көре аласыз;
жануарларды сәйкестендіру деректерін бақылай аласыз;
жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат ала аласыз;
ветеринариялық қызметтерді ыңғайлы әрі жедел пайдалана аласыз.
Мобильді қосымша мемлекеттік ветеринариялық қызметтерді қолжетімді әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, мобильді қосымшаға тіркелуге шақырамыз.
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда немесе көмек қажет болса, «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК мамандарына хабарласа аласыз. Біз сізге қажетті кеңес беріп, тіркелуге көмектесеміз.
Жануарларыңыздың есебі мен денсаулығын заманауи цифрлық сервистер арқылы бақылаңыз!





