Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6–12 қазан аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы

Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6–12 қазан аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Айжан Сарсенбайқызы Нұрбаева «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы» КММ-нің «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйым қызметін жетілдіру, клиенттердің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ олармен өзара іс-қимылды үздіксіз жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде клиентке бағдарланған тәсіл және клиентке бағдарлану қағидаттары талқыланды.

Сондай-ақ, ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, «TortTulik» мобильді қосымшасында тіркелу және оны пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Тимирязев а., Ақжан, Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Дмитриев, Интернациональный, Құртай, Комсомол, Мичурин және Москворецк ауылдық округтерінің ветеринария мамандарымен және тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары ветеринариялық станцияға жүгінген жеке және заңды тұлғалар арасында да жүргізілді.