Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының мамандары үй құстарының балапандарына жұқпалы аурулардың алдын алу және құс саулығын сақтау мақсатында жоспарлы вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде.
Уақтылы жүргізілген вакцинация – құсты қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың, аурулардың таралу қаупін төмендетудің және шаруашылықтың амандығын қамтамасыз етудің тиімді жолы.
Үй құстарының иелерінен ветеринариялық мамандардың жұмысына қолдау көрсетіп, құстарға қолжетімділікті қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Құстарыңыздың саулығын сақтаңыз – вакцинация ветеринариялық қауіпсіздіктің маңызды кепілі!





