Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Ветеринариялық станцияда мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша әңгіме өткізілді

2026 жылғы 18 қарашада «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ғимаратында ұжыммен «Мүдделер қақтығысы және қызметтік әдепті сақтау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді.

Іс-шара барысында комплаенс-қызметінің маманы Назыров О. Т. сөз сөйлеп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу мәселелерін түсіндірді.

Әсіресе, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда басшылықты уақтылы хабардар ету, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау және ұжымда адал әрі ашық жұмыс ортасын қалыптастырудағы әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі ескертілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрқайсымыздан басталады!