2025 жылғы 6 ақпанда Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының комплаенс қызметінің маманы О. Т. Назыров Ақсуат және Ақжан ауылдық округтерінде "ветеринариялық анықтама беру", "ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жүргізілді.
Сапар қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты тұлғалармен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сапалы және қатаң сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілеріне жол бермеу бойынша нұсқаулық өткізілді.