Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс
Ветеринар маманы сиырдың құлақ сырғасын тексеріп жатыр

Ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіру – ветеринариялық қауіпсіздіктің кепілі!

«Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал басын уақтылы сәйкестендіру мен тіркеудің маңыздылығын еске салады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру – әрбір жануарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және ол туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асырылатын міндетті рәсім.

Жануарларды уақтылы сәйкестендіру неліктен маңызды?

  • Ауыл шаруашылығы жануарларының нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
  • Жануарлардың орын ауыстыруын бақылауды қамтамасыз етеді.
  • Ветеринариялық-профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді жеңілдетеді.
  • Жануарлардың ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауға көмектеседі.
  • Жануардың нақты иесін анықтауға мүмкіндік береді.

Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының иелері!

Жануарларды сәйкестендіру рәсімін кейінге қалдырмаңыздар. Қажетті іс-шараларды жүргізу және жануарларыңыз туралы мәліметтерді өзектендіру үшін ветеринариялық станция мамандарына уақытылы жүгініңіздер.

Мал басын сәйкестендіруге жауапкершілікпен қарау – әрбір жануар иесінің жануарлардың денсаулығын сақтауға және ауданның ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру мәселелері бойынша «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК мамандарына 2-11-34 телефоны арқылы хабарласыңыздар.